22.05.2022
  154


Автор: Әбубәкір Қайран

Қаймығу деген немене

Қаймығу деген немене
Қаймығу деген – сорлылық,
Жетесіз жанды жеңеді ол
Бодамы қылып, бор қылып.
Жүректің ішін кезеді ол,
Жүйкенің бойын жол қылып.
Былғайды адам арын да,
Сатқындық жолға түсіріп.
Басыңнан тайып бағың да,
Кетеді досың түкіріп,
Сен үшін, мүмкін, жарың да
Жүреді жұрттан қысылып.
Қорқақтық деген найсаптық,
Намыстың нарын тұсаған.
Одан да қанды айқас қып,
Жеңіліп өлгін құсадан,
Батырлық деген байтақтық,
Өрлігі тауға ұқсаған.





Пікір жазу