22.05.2022
205
Жүруші едің, құрбыжан...
Жүруші едің, құрбыжан,
Маған ыстық наз айтып.
Жігітке еріп бір бүлаң,
Кеттің оны азайтып.
Мен де саған наз айтып,
Жүруші едім, құрбыжан.
Кеттім оны азайтып,
Соған кейде қынжылам.
Өкінішім емес бұл,
Онсыз да көп өкініш.
Тек көкейде елес жүр,
Елес те емес... Өтініш.
Түсінерсің ар жағын,
Түсінерсің, құрбыжан.
Бүл сөзімнің салмағын
Барла биік түрғыдан..