22.05.2022
134

Тебіренгенімен терендер...
Тебіренгенімен терендер,
Еміренбейді ғой биік шың.
Күңіренгенімен кемеңгер,
Қайғысын қандай ми ұқсын.
Тереңде қандай шаруасы,
Биіктің мүңы – басқа мұң.
Биік қой таудың қар басы,
Терең ғой бірақ Аспаның.
Қосылып Жермен аунаңдар,
Жоталар, жондар, қырларым.
Білмейді-ау бірақ тау заңғар,
Тереңге төніп түрғанын.
Бөлмейді ол бірақ көңіл, ой –
Жер тауы даңққа жауланған.
Сұраса білер еді ғой,
Жұлдыздан түскен таулардан