22.05.2022
153
КЕЗДЕСУ
Сезімім сеңдей толқып тасыды да,
Баладым аңсап жүрген асылыма.
Тарыдай мін таба алмай тал бойыңнан,
Мен саған қарай бердім жасырына.
Аққудай айдындағы ай маңдайлым,
Толқындай тербетілді
-ау арман қайғым.
Өмірден өзім іздеп жүрген жанға,
Кенеттен кезігіп
-ақ қалғандаймын.
Күлгенің, жүргенің де дара, құрбым,
Ғашық боп қалғанымды жаңа білдім.
Нұрына балқыдым да жамалыңның,
Сырына бойлай бердім жанарыңның.
2008. 3. 11