22.05.2022
176
Ей, жігіттер, ер жетсек те біз бүгін...
Ей, жігіттер, ер жетсек те біз бүгін,
Түсінбейміз жаны нәзік қыз мұңын.
Қызғаныштың қызыл өртін өршітсек,
Айыпты ма, айтпаса олар шындығын.
Жат еріннің табы қалған ақ тамақ,
Тұрар кейде өзін-өзі ақтап ап.
Ол, өйткені, бір жігіттің қылмысы
Өзіміздей өліп-өшкен ашқарақ.
Қайран ару кете берсе қан жылап,
Даңғой басың қалады ғой даңғырап.
Жүрдек ойлы жүрегінді жүгенде,
Бауырыңда бақыт жатса балбырап.