СЕН ТАУСЫҢ
(Дутан Сəкейұлының 60 жылдық мерейтойына) «Көргенде аруларды бүлдіршіндей,
Тұсынан өте алмайтын бір күрсінбей».
Сетері сел сезімнің Дутан аға,
Сен маған сезілесің жыр мүсіндей.
Жыр мүсіннен шуақты арай көрем,
Дүрбісімен көңілдің қарай берем.
Қалатын тарихқа таңба болып,
Жазыпсың тамаша ойлы талай өлең.
Көретін ел ұрпағын баласындай,
Ұстазсың ұлағатты дара шыңдай.
Ғажайып жыр ғаламат сұлулығы,
Туған жер - қасиетті анасыңдай.
Шырынды армандары шырқалатын,
Таңдайынан тамаша жыр таматын.
Сезіну қандай ғажап сетер ойды,
Шырайлы шыңымыздың шын талантын,
Өмірге екі келмес Дутан ақын.
Сен таусың жолыңның аз тегіс жері,
Есіңнен еш кетпеген ел істері.
Аудармаң, зерттеулерің,
Бəрі де дарыныңның жемістері.
Қырансың, көгімдегі қалықтаған.
Жыр
-əнсің өмірдегі шарықтаған.
Ұлансың жастай қолға алып қалам,
Парасатың ақ
-қараны парықтаған.
Үлес алып көрнекті көп өнерден,
Көрсеттің өміріңде өрені өрден.
Тілдесіп ақбас шыңы аспанменен,
Тау мəңгі биік тұрады төбелерден,
Тау мəңгі биік тұрады төбелерден.