БАРЫП ҚАЙТТЫМ АУЫЛЫҢА
Барып қайттым, жандосым, ауылыңа,
Ат шалдырып Ақарқа сауырына.
Қорған болып тұр екен тауың елге,
Қарағайын қондырған бауырына.
Айдаһардай шұбалған там жамбылын,
Айбарынан айырған тау жаңбыры.
Айықтырып жіберді ауыр ойдан,
Ауылыңда шырқалған аужар үні.
Барып қайттым, ардақтым, ауылыңа,
Жараспайды бос мінез тау ұлына.
Не төзе алар, шіркін
-ау, таудан басқа,
Ғажабы көп ғасырдың дауылына.
Той
-думаннан əн салып қайтушы едің,
Серігіңді сезімге байытушы едің.
Асан қайғы айтқан сөз «баркөл» емес, «бар, көр» деген ұғым деп айтушы едің.
Бардым, көрдім ендеше бəрін
-дағы,
Туған елің түзепті əнін
-дағы.
Тау есімін, алайда, ұқпайды ұрпақ,
Қорған болған Ақарқа жанындағы.
Ұйып, елтіп мəңгілік ырғаққа шын,
Өскен өркен дəстүрге мін тақпасын.
Келешектің келбетін кестелейтін,
Өткендерді ұмыту ұрпаққа сын.
Көріп қайттым, жан досым, еліңді өскен,
Кез ғой мынау көңілден сенім көшкен.
Тұрғандығы, дариға
-ай, қандай ғажап,
Қазақ таудан, тауы елден бөлінбестен.