22.05.2022
  127


Автор: Серік Әбіл

ЖАҒАДАҒЫ ЖАРТАСТА

Келер дейсің оңына бар іс қашан,
Өмір мəнсіз өзіңді сəл ұстасаң.
Жақсы күндер кешуің қиын екен,
Жақсы көрген жаныңнан алыстасаң.
Жағадағы ақынға теңіз бүгін,
Тіл қатқандай оқы деп лебіз жырын.
Аунақшыған толқынға айттым сонда,
Жүрегімнің өзіңмен егіздігін.
Серік керек құлға да, патшаға да,
Бұлбұл мен Гүл сəн берген бақшаға да.
Мені көріп сыңарын есіне алды
-ау,
Алысқа ұшты анау бір ақ шағала.
Бақытымсың бастағы бал қыз
-құсым,
Сағынышым бір əнді салғызды шын.
Жараспай
-ақ тұрғанын жаным сезет,
Жағадағы жартасқа жалғыз мүсін.
Телміремін теңіздің толқынына,
Малынғандай махаббат мол сырына.
Гүлдей жайнап жанымда тұрармедің,
Айқастырып қолыңды қолтығыма.
Көкжиектен көсілген көзімді алмай,
Күбірлеймін қасымда өзің бардай.
Теңіздейін тербеліп сезім балдай,
Телефонға қол салдым төзім қалмай.





Пікір жазу