22.05.2022
  173


Автор: Сəбит Бексейіт

Ұнау үшін қайтпекпін мен біреуге...

Ұнау үшін қайтпекпін мен біреуге,
Тиіспін бе елпілдеп елбіреуге?
Тиіспін бе шапқылап жандайшаптай,
Желп-желп етіп жалауша желбіреуге?
Ұнау үшін талпынсам мен біреуге,
Тиіспін бе ел кезіп тентіреуге?
Тиіспін бе мұң шағып жарымжандай,
Көздің жасын көл қылып еңіреуге?
Ұнау үшін талпынсам мен біреуге,
Жүректегі отымды сөндірем бе?
Айналама дел-сал боп қарайтындай,
Айналуым керек пе меңіреуге?..





Пікір жазу