22.05.2022
279
Керегарлық
Жер бозарды сан мәрте, жер көгердi,
сан құбылтты, өзгерттi ел де көркiн.
Мен де есейдiм…
таптырмас бiр сәт тыным
Уақыт жәйлi ойлары Кьеркегордiң.
Жер қарайды қанша рет, жер ағарды,
алмастырды қалың ши сере қарды.
Әрi-сәрi күй кешем…
қойғаннан соң
Болмыс пенен Санамды кереғар ғып.
Қас қағымды қалайша мәңгi етем деп,
тiршiлiктi қалайша мәндi етем деп,
қалдым күндiз күлкiден,
түнде ұйқыдан, –
сән бөтен бе маған бұл, ән бөтен бе?!..
Жан күйзелiп отырса, рух ойсырап,
бiр қылжақбас құрдасым жүр тойсырап.
Iрi ой сұлап жатқанда жантәсiлiм,
тышталаңдап жол бермес бiр ой-сымақ…