22.05.2022
  127


Автор: Сəбит Бексейіт

Шексіздік пен шарасыздық

Мәңгiлiкке мұнша неге құштармын,
ұлыларды кеттiм неге iш тартып?
Қалдым мiне өткен жылға қол бұлғап,
қанатына iлесе алмай құстардың.
Бақи тiрлiк, бақи ғұмыр аңсаумен,
ұмытылып барасың ба, жан сәулем?
Көкжиекке тiккен сайын көзiмдi,
өтiп сен де барасың ба, сал дәурен?
Мәңгiлiкке жүз жыл жасап жете алман,
жиырма үшiмде түк бiтiрмей кете алман.
Қалам ұстап шимай қуған қол түгiл,
көңiл жетпес шiркiн шексiз ізгі арман!..





Пікір жазу