22.05.2022
127
Әфсана
Христ-Өндiр күтiп бағын бейiлмен,
Раушангүлiн өсiргенi – бiр мектеп.
Өзiне арнап гүлтәжiн Ол кейiннен
Тоқымақ боп суаратын үш рет кеп.
Раушангүлдер құлпырғанда гүл атып,
Жиналды еврей балалары жамырап.
Әр тал гүлдi жұлып алды ұнатып, –
Бүкiл бақ сол қалды демде қаңырап.
«Жоқ қой Сенiң бағыңда гүл бiрде бiр!
Ендi қалай тоқисың сен, сақи дос?»
– Тiкенектер қалды Маған, мың шүкiр,
Бұйырғаны осы, – дедi Христос.
Кiм бiлiптi дәп осындай сый барын, –
Әзiр болды тiкенектi гүлтәжi.
Гүл орнына әрледi Оның дидарын
Шып-шып еткен қан тамшылары…