22.05.2022
155
Ізгі сенім
Жұлдыздар да жанады да, сөнедi,
Ұлылар да туады да, өледi.
Көп ойланам несiне мен сондықтан,
Табиғаттың бар заңына көнемiн.
Көтеремiн бұл жалғанның азабын,
Көтеремiн тарқаса ерте базарым.
Көнемiн мен кетсе қазiр ажарым,
Көнемiн мен жетсе қазiр ажалым!
Мойындаймын Париж, Бомбей, Меккенiң
Өзгенiкi, бөтендiкi екенiн.
Тек жаттiкi болмасына сенемiн
МЕНIҢ АТАМЕКЕНIМ!!!
Шамалаймын зiл салмағын қазаның,
Зұлыстар да, үндiстер де азалы.
Тек қаза боп кетпесiне сенемiн
МЕНIҢ ХАЛҚЫМ – ҚАЗАҒЫМ!!!