22.05.2022
126

Таңдау
Жұмыр жердi кезсең де алмай тыным,
Атамекен, атажұрт – таңдайтының.
Қырда туды бұлбұл боп сайрайтын қыз,
Қырда туды қыран боп самғайтын ұл.
Қорқытпай ма қорықтың аңдары кеп,
Үркiтпей ме қарулы жандары кеп?
Таңданамыз: япыр-ау, қу даланы
Қызыл қаздар қалайша таңдады деп.
Кiм-кiмге де бабамның даласы – ұя,
Құла сыя жарасқан, ала сыя.
Қызыл қаздар таңдаса Теңiз көлiн,
Таңдағаны қазақтың – АЛАШИЯ!