22.05.2022
127
Ескi жылдың соңғы бетiн ысырдым...
Ескi жылдың соңғы бетiн ысырдым,
ұштың…
кеттiң…
құсым дүр.
Сенi ендi тек
естелiктен iздермiн,
келiп едi-ау
келер күнге ұшырғым!..
Келгем сенi
ертеңiме ұшырғым,
кешегi күн
сынап көрiп күшiңдi.
Бақилықты зая қылған аяусыз
бұл фәнидiң
қаттылығын
түсiндiм…