22.05.2022
  131


Автор: Сəбит Бексейіт

Өткен күндi күнтiзбеден iздемен...

Өткен күндi күнтiзбеден iздемен,
Өкiнiшпен өтер сәттер жүздеген.
Мойындаймын – өзiмде ғой әлсiздiк,
Менi бұзған шарап демен, қыз демен…
Шарап өзiн iш деген жоқ мөлтеңдеп,
Қыз да өзiн сүй деген жоқ көлбеңдеп.
Өзiм iштiм, өзiм сүйдiм алжасып,
Қу құлқын мен ақмақ басты шөл дендеп.





Пікір жазу