22.05.2022
  116


Автор: Сəбит Бексейіт

Жылай берсiн жылағысы келгендер....

Жылай берсiн жылағысы келгендер,
Жасық жiгер жүйкелерiн жеңгендер.
Жылай берсiн көңiлдерiн бұлт басып,
Жазы жетпей, көктемiнде семгендер.
Жақсы көре тұрсам дағы мұңды өзiм,
Жыламаймын, шыланбасын нұр сезiм.
Жылағанды ренжiп тұрып аяймын,
Жастан тұнған көрiнбейдi күн көзi.





Пікір жазу