22.05.2022
152
Өте алдым ба сенi, өмiрiм, ән қылып...
Өте алдым ба сенi, өмiрiм, ән қылып,
Өте алдың ба сен де жұртты таң қылып?
Отыз төртте тартармысың көмескi,
Жиырма төрттiң жазына тән сән қылық?
Қас қағым сәт болсын деп ем мәңгiлiк,
Бақилыққа қалсам деп ем жаңғырып!
Кешегi күн қайталанып бүгiн боп,
Пәнилiкпен өткен көп күн мәңгiрiп…