22.05.2022
110
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-21-22-59-40.png)
Ой-атомдар, санамды оятыңдар
Ми – реактор,
Отыны оның – Ой-атом,
әлсiн-әлсiн ұшқын атып қоятын.
Сол жойқын күш жүрегiме қозғау сап,
жiбередi сезiмiмдi оятып!
Ұлы iстермен жасалады ұлы өмiр,
дүрсiлдейдi генератор-Жүрегiм.
Кеуде-залды кернеп Шабыт-кернеуiм,
Сезiм-қуат
төкпелейдi
Жыр-өнiм...