22.05.2022
117
Өлім
О дүние жоқ екенiн бiлгелi,
жұрт секiлдi ойсыз-қамсыз күлмедiм,
уайымның баттым түпсiз көлiне,
ой-санамнан шықпай қойды күнде өлiм.
Бала кезден уайымшыл боп ер жеттiм,
сыртым күлiп, iшiм жылап шер шектiм.
Iлгерi оздым дей алам ба осымен,
сезiп тұрып, бiлiп тұрып кер кеттiм.
Қайтейiн мен өйтпегенде, жаным-ау,
мүмкiн емес сұм өлiмдi танымау.
Қара жердiң енгенiмше қойнына,
берген шығар Тәңiр маған саңылау.
Сұм өлiмге қарсы тұрар әл қайда,
оны үркiтпес зәренi алар айғай да.
Ақиқат деп өмiрдi емес, өлiмдi
мойындаған данышпан да, даңғой да!