22.05.2022
  93


Автор: Сəбит Бексейіт

Гипертония

Отырғанын қарашы ұйып қаным,
Дамылдағым келедi, ұйықтағым.
Киiк-сағым қуатын қайран жастық,
Тұйықтамын мен бүгiн, тұйықтамын.
Оңбасымды бiлгенмiн әлдеқашан,
Шифр таппай өмiр сейфiн дәлдеп ашар.
Жақсыны да, жаманды да көрiп жүрiп,
Ойладым ба болам деп мен де нашар.
Кеше бала ем… есейiп қалыппын-ау,
Жылдар маған алайда налып тұр-ау?!..
Өйтпей қайтсiн, шамалы бiтiргенiм,
Басым мең-зең… шала естi қалып мынау.
Жерлеудi қой өзiңдi, жетер… жетер,
Тiрлiк деген бал ма екен, шекер ме екен!?
Талпынысы таусылған пенде ме едiң,
Бекер келiп өмiрге, бекер кетер?..





Пікір жазу