22.05.2022
161
Тұнжыр бақ
Тумайды көптен тың саздар,
өйткенi
жүдеу гүлзарлар,
сая жол күңгiрт,
тұнжыр бақ,
айтпайды назын қыздар да…
Сая жол күңгiрт, тұнжыр бақ,
тұрған жоқ көптен түн жырлап.
Аса алмай күйкi тiрлiктен,
түседi кейде ұнжырғам.
Емес пе кезiм шын маздар,
қойды ғой тумай тың саздар.
Айналып жырға кетпес пе
қуаныш, шаттық, мұң, зар да.
Туар ед өлең бiр наздан,
жоламай маған жүр жазған.
Торлап-ақ отыр әсем ой,
сезiмсiз, жаным, жыр жазбан…