22.05.2022
  264


Автор: Сəбит Бексейіт

Мені жалғыз қалдырма...

жар назы


… Менi жалғыз қалдырма,
Жол қаратып жанарымды талдырма.
Кең әлемдi бөтен үйдей тар қылма,
Көп бөгелме, көп күттiрме, тез орал,
Келмей кетiп көңiлге кiр шалдырма…
Менi жалғыз қалдырма.
… Менi жалғыз қалдырма,
Өгейсiтiп, жат назарын салдырма.
Ақ тоқтыңды аш бөрiге алдырма.
Серi серкем! Қасымда бол әрдайым, –
Алты ай қыста, аңызақта, жаңбырда…
Менi жалғыз қалдырма!
… Менi жалғыз қалдырма,
Өзiм өпкен дидарыңа зар қылма.
Өзiң жоқта мән қалмайды ән-жырда.
Мен сендiкпiн, сен мендiксiң мәңгiге,
Бiзге бөгет бола алмайды Тағдыр да!
Менi жалғыз қалдырма!





Пікір жазу