22.05.2022
  123


Автор: Сəбит Бексейіт

Сен есіме түспесең...

Алдарқатпақ көңiлдi сайран қайбiр,
Махаббат та, қызық та – армандай бiр.
Мен де бәлкiм жүз қызға ғашық болдым,
Әттең, бiрақ жүректе ән қалмай жүр...
Iз қалмай жүр, мысқалдай нұр қалмай жүр,
Бебеулеткен жанымда мұң қалмай жүр.
Күш алмай жүр еңсесi дүр сiлкiнiп,
Ұша алмай жүр кеудемнен сұңқардай жыр.
Жан сарайым түтiнмен ысталғандай,
Ой сандығым темiрмен тысталғандай;
Сен есiме түспесең,
Күй кешемiн
Сағынудан, аңсаудан тыс қалғандай...





Пікір жазу