22.05.2022
  109


Автор: Сəбит Бексейіт

Бозғалам мен бозбала

Ойна да күл, бойжеткен, ойна да күл, бозбала,
Нұрлана гөр, ақша жүз, мөлдiрей гөр, көз қара!
Мәңгiлiгiң – қас қағым, қас қағымың – мәңгiлiк,
Боз ғалам да барады шыр айналып, қозғала…
Биле, ән айт, бойжеткен, биле, ән айт, бозбала!
Бiлiмпаз да жасампаз перзентi боп туғасын,
Дүниенiң дидарын жасартам деу ұлға сын.
Бозғалам мен бозбала – бiрi кәрi, бiрi жас,
Екеуара сырласу ертелi-кеш тынбасын.
Көзбен көрiп Әлемнiң сомдау қиын тұлғасын.
Жұмбағы мол, сыры мол неткен ғажап жылы ұя?!
Құдыреттi күш жоқ деп жүрмiз, дүние дүрия.
Әулие ана Мария жүктi бопты қыз қалпы, –
Бұл немене, айтшы, дос: физика, әлде химия?..
Джоконда ару суреттен жымияды құпия…





Пікір жазу