22.05.2022
  201


Автор: Индира Кереева

Қабір басындағы монолог

Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойына
Қанатын жайғанда қара түн,
«Мен жоқпын. Өлгенмін» демеші...
Өйткені жабықсам, баба, тым
Демейді Қайыптың елесі.
Тірліктің тұрлаусыз таңы атса,
Тағы әлсіз неліктен, баба, ақын?!
Ақын боп есімнен адассам,
Аруағың арбаған болатын...
Жырымда Бөбектің жаны бар,
Қайып боп қайғырдым, о, баба!
Сол заман сұмдары әлі бар,
Біздерге обал, ә?!
Бұл өмір ойын ғой тым арзан,
Кетем мен! Құлаймын, сүрінем...
Молаңда тұрмын ғой жыр арнап,
Мені әсте ұқпайды тірілер...
Өмірдің анық мұң екені,
Қимаймын деуге енді сізді өлген...
...Мүлгиді марқұмдар мекені,
Сізді ұрлап біздерден...
Баба, сен айт менің теңім кім?
Қажытты жасықтар сырты нар...
Бабам-ау, күреспей жеңілдім,
Шаршадым ойыннан.
Күтіп ал!





Пікір жазу