22.05.2022
  123


Автор: Индира Кереева

Өлең менен....

Өлең менен....
Мен Өлеңнен тумақ ем,
Шерлі шумақ оралғанда ойға әлі;
Жирен шашын сілкіп тастап шулы әлем,
Жан айқайын есіттірмей-ақ қойғаны...
Жазмышыма хордың қызы бал ашып,
Жер түбіне жетелейді мына күн;
...Өз көзімнің түнегінде адасып,
Өз сөзімнің таба алмадым тұрағын...
Балкондағы болмысымды торып мұң,
Құлағыма естілмейді көрікті үн.
...Қара аспанның қабағынан қар жауып,
тас төбемнен ұратындай қорықтым...
Айға ант ішіп,
Мына түнге серт беріп;
Тағы отырмын...
Кеудемді аса кек керіп;
...Жер бетіне сыя алмаған түріммен,
кетемін-ау бір күндері текке өліп...





Пікір жазу