22.05.2022
141
Балкондағы сандырақ
Түннің тағы
қабағынан мұң есіп,
Жұлдыздардың
жанарынан нұр өшіп:
Мен өзіңді
тағы да ойлап отырмын,
Сағыныш қой...
(Оны өзің де білесің)
Сағымдардың арасынан
Сыбырлап:
«Сүйем» дейсің...
Селк еткізіп сананы.
Ал өзіңсіз
жүрегімнен жыр ұрлап,
Өмір де өтіп барады...
Ай да анау,
Әлдиі айтар бар маған;
Жырларыма жаратты
көп ұйқасын...
...Сенсіз...
Қаңғы метеоритпін
шарлаған
Сезім галактикасын...