22.05.2022
  137


Автор: Индира Кереева

Түн. Торығу

Тағы да Түн…
Тағы да жауыз сағат…
Өлтіреді мақтамен бауыздап-ақ…
Бақытымды біреуге бере салып,
Тағдырымнан сұраймын қарызға Бақ…
Тағы да Түн…
Тағы да елес Күнім..
Көңілімді торлайды көмескі Мұң…
Әлемдегі жалғызым Сен болғанмен,
Мойындайын:
Сірә, енді Сен –
ешкімім…
Атар енді
Жалғыздың қанша таңы?!
Тағы да Түн..
Дейтіндей «аңса тағы»…
Сені мүлде ойламау мүмкін емес,
Сарылып сағыну да шаршатады…
Тағы да Түн…
Жұлдыздың ары тамды…
Анау Айдың, білемін, бағыты әнді…
Сен ұйқыда шығарсың….
Қайырлы Түн….
Көрер көзбен атырам тағы Таңды…
Өткенде – Мұң...
Жоқ неге биікте түк?!
Күн туар ма күлімдер, күйік кетіп…
Өмірдің қорлығы, иә?
Басқа адамның
Бағына қойған мені сүйікті етіп…





Пікір жазу