22.05.2022
  122


Автор: Индира Кереева

Жасырын нөмір

Тағы да жүдетіп жүректі,
Санамды мазалап құнсыздық.
Ұялы телефон шыр етті:
Тұтқаны көтердім...
ҮНСІЗДІК...
Тағы да күрсініс.
Апырмай,
өмірім шыдар ма мұндайға?
Абонент нөмірін жасырмай,
Телефон соғуға
болмай ма?
Тырналап
жүректің жарасын
Өкініш,
өксікпен өрілген.
Несіне телефон соғасың,
Күн сайын
жасырын нөмірмен?
Күресіп намысың,
арыңмен
Соқпашы
жасырын нөмірмен.
Мен сені
сеземін жаныммен,
Мен сені
танимын деміңнен....
Жанарда
моншағым мөлдіреп,
Тұрамын
әл жетпей «кім» деуге...
Сені де сағынды бұл жүрек,
Құшағыңды
аңсады бұл кеуде...
Әдейі адасып,
шоқ басып,
күресем өзіңсіз өмірмен.
Өтінем,
телефон соқпашы,
Жылатып,
жасырын нөмірмен!





Пікір жазу