22.05.2022
  107


Автор: Индира Кереева

Түс

Айыптамай
Өзіңсіз
Түнді суық,
Өткізіп-ақ жатырмын
Күнді сұлық...
...Кірпіктерім айқасып жатқан сәтте,
Сен есіме түстің де...
Бір күрсініп...
Ұйықтап кеттім...
Содан кейін басталып ертегі әлем,
Жырмен жазып
сезімді шертеді Өлең...
Түсімдегі тамаша бақ ішінде,
Адам біткен жүр екен тең-теңімен...
(Бұл сәтті мен ешкімге ұсынбас ем!)
Келе жатсам қызықтап құсын да әсем,
Кеше көрген Түсімде...
Есімімді
Жазып кеткен
орындық тұсында сен...
Күтіп тұрсың!
...Біз өмірде бақытты таптық ойлап,
Бірақ мендік сағыныш
кетті бойды ап...
Жүгіріп кеп
құшағыңа сүңгіп кеттім,
Жанарда жас...
Жүзімде шаттық ойнап...
Табылғандай
бақыттың тең тұрағы,
Хауыздардың жарқылы...
Елітіп ағын!
Өмірдегі мұңымды
жылап айтып,
Бауырыңа тығылып
мен тұрамын...
Өксік толы сезімді
күзетеміз...
Айтшы, неге сезімді
Күз етеміз?!
Ал түсімде...
Мұң мүлде болмағандай,
Қол ұстасып жүреміз
Біз екеуміз...
Сағыныштың
шарабын тең бөлісіп,
Бір суыйсың...
Құшақтап сен бір ысып...
Сүйіп жатып...
Оянам...
Таң атыпты...
Жылап жатыр екенмін
мен бүрісіп...





Пікір жазу