22.05.2022
  140


Автор: Индира Кереева

Біртүрлі өлең

Өмір деген
сұрақ десем жауапсыз –
(Өңменімнен өтіп кетер өктемдік...)
Мен – күнәмін.
Маған берген сауап – Сіз,
Мекеніңді алғам мәңгі
Меккем ғып...
Өмір деген –
өкініші көп көңіл,
Өзегімді жарып шыққан өлеңім!
...Өз тағдырын
маңдайынан тепкен ұл,
Сені еліме жұмбақ етіп өлемін...
Екеуміздің қоштасатын тұс, әні!
Жылап қалғам...
(Айтқаныңның бәрі есте...)
Өмір енді –
өзге жанның құшағы,
Өкін мейлі!
Өзгермейді бұл, әсте...
Өртенген ем!
Өміріме лағнет деп...
Өтірік қой...
Босқа уәде береміз!
Атырамын сенсіз мына таңды ептеп,
Жүрек тас боп,
кеуде – қуыс,
дене – мұз...
Өмірімде бар
біреудің кей өші,
Куәсі едім
қорқау салған қанды іздің...
Есалаңға еселенген «сый» осы –
Екі адамдық төсегімде
жалғызбын....
Өртеп кеткен
тентек Түнді жоқтаған
Жүрек қазір тастан ауыр...
(Қорғасын)
Сөйтіп жатып
Өмірге көп тоқталам,
Мағынасы
Саған жақын болғасын...





Пікір жазу