22.05.2022
143
Қала аралық қоңырау
– Алло, Жаным?
Бұл мен ғой…
– Біліп тұрмын.
– Қалай екен жағдайы,
Қылықтымның?!
– Жаман емес. Өзің ше?
– Сағындың ба?
– Сенсіз, сенсең…
Сабағы сынық Гүлмін…
– Қойшы, сәулем…
Жүрегім сыздап тағы,
Сені ойладым…
– Мені де Күз қақтады…
– Кеш қоңырау шалдым ба?.. ренжімеші,
Кеш жүреді сағаттар біз жақтағы…
– Сені қашан көремін?!
– Күйік Түннің
Құшағында беймәлім күй ұқтырдың…
Алло?!
Жаным, қайдасың?
Неге үнсізсің?
– Мен сенің…
Дауысыңды сүйіп тұрмын…