22.05.2022
  93


Автор: Индира Кереева

Бәрі жалған...

Бәрі жалған.
Бәрі бір күн өледі;
Ұмыт болсаң,
көктеміңнің өзі Күз.
Ешкім бізді екі айырған жоқ еді,
Өзімізден суып кеткен өзіміз.
Бәрі өтеді.
Өткен күнің көмескі;
Боламыз-ау бәрінен бір мезі біз.
Ешкім бізге қастық қылған емес-ті:
Өзімізге обал қылған өзіміз.
Бәрі өткінші;
Көктем күліп тұр, мейлі:
Өтеді әлі осы мұңды кезіміз.
Ешкім бізді қайта біріктірмейді,
Өзімізді қоса алмасақ....
Өзіміз.





Пікір жазу