22.05.2022
153
Аспанда жазылған өлең...
Ұшақта келем...
Айналам аппақ бұлт анау;
Шырқады бикеш Күн әнді.
Бұйра бұлт менің діңкемді солай құртады-ау,
Жерге оралуым күмәнді...
Қалықтап келем;
Ойымда жоқ түк те менің;
Өртемей мүлде жыр-алау:
Біз жерде жүріп білмеппіз,
бұлт дегенің:
Ақынның демі шығар-ау...
Бұлт асып кеттім.
Асқақтап арман құшып тым,
Аянышты екен Жер, кейпің.
Үні өшіп қалды көңілімдегі күшік-мұң,
Қыңсылап маза бермейтін.
Ұшақта келем,
Құшақтап өлең...