22.05.2022
  154


Автор: Индира Кереева

Белгісіз әнші

Өзі жұмбақ,
жағымды болса да әні,
Баурап алды көңілді,
жан,
сананы;
Күнде кешке...
Белгісіз бір нөмірден,
Бір жігіт гитарамен ән салады.
Тулаған жүрегімді аяп әрең,
Мүлгиді мені тербеп ояу әлем.
Тыңдап тұрам:
тұтқадан төгіледі,
Терең көңіл.
Күрсініс.
Баяу әуен.
Тағы міне...
Гитара.
Жігіт үні;
Белгісіз жан
беймәлім сыры, түрі.
Гитарадан төгілген қоңыр дауыс,
Құлағымнан кетпейді
Күні-түні.





Пікір жазу