meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.05.2022
  172


Автор: Серік Сейітман

Әкемнің ізі

Мектепте сәттер көп сауықты,
Мың түрлі әлем ғой мың бала.
Сол шақтан есімде қалыпты
Қысқы бір қар жауған күн дара.
Жердегі ақ көрпе бұл шырай
Тап-таза көрініс әдемі.
Осындай болса ғой, шіркін-ай
Барша бар адамның әлемі.
Шақ жүріп мендегі қадамға,
Тым алшақ ашпастан адымын,
Әкешім артына алаңдап,
«Соңымнан ер, – деді, – жарығым!».
Әкемнің ізімен сайраған
Сабаққа шықсам да со қарда,
Аттанған екем деп ойланам
Ең ұлы «Болашақ» сапарға...
Тағдырдың шексем де азабын,
Тың сүрлеу саламын тың жерге.
Бақытқа кезіксін қазағым
Серіктің ізімен жүргенде.





Пікір жазу