21.05.2022
  996


Автор: Серік Сейітман

Отанға тілек

Жаным, Отан!
Сен болмасаң кім едім?
Ай тумаған Жұлдызы жоқ Түн едім.
Тағдырымды тілдесем де кей сәтте,
Тамырыңның тереңдеуін тіледім.
Сен болмасаң маған думан – бір тиын,
Масаттанып шаттануым тым қиын.
Шыбын жаным шыққанынша күресем
Шыбын тұрмақ, зәбір көрсе шіркейің.
Ешқашан да еңкейтпеспін туыңды,
Ешкімге де өртетпеспін нуыңды.
Байрағың мен Әнұраның, Елтаңбаң
Өнердегі ең тамаша туынды.
Көктем сайын гүл-гүл жайнап
түлеп қал,
Есіміңмен өрем досқа
тілекті әр.
Бірге күліп, бір жылаған
өзіңмен,
Мен-ұлыңда қырық жамау
жүрек бар!
Тепеңдеумен тіршілікте қас-қағым,
Біз де өтерміз үзігіндей таспаның.
Құшағыңда алмасса да қанша ұрпақ,
Ашық болсын мәңгі-бақи аспаның!
Бақыт болсын алыстағы ақ сағым!





Пікір жазу