21.05.2022
  122


Автор: Динара Мәлік

Өзіңді іздейтін күні-түн...

Өзіңді іздейтін күні-түн,
Жүректің сөйлеттім лүпілін.
Қай жерде отырсың жарқылдап,
Қай жерге гүлдендің үмітім?
Қай үйдің шырағы екенсің,
Пейіліңді періште көтерсін.
Бағыма қонақтап қала алмай,
Жаныма жарасып жетерсің.
Соңыма сан мұңды ертемін,
Тағдырдың сүйретіп тәлкегін.
Ақ бұлттан жасап ап ақ өмір,
Күндердің сүремін көркемін.
Сен құшқан кештерге қайранмын,
Сәт сайын сенделіп ойға алдым.
Жолыңда тұруға дәрмен жоқ,
Ақ ұлпа арманға айналдым.
Сезімге күдікті қоспадым,
Тербемей ешқашан басқа-мұң.
Тек менің жанымдай көгілдір,
Төбеңнен тыңдасын аспаным!





Пікір жазу