21.05.2022
  150


Автор: Динара Мәлік

Мұңайып жүрмін білдірмей...

Мұңайып жүрмін білдірмей,
Үміттің отын сөндірмей.
Өзіңмен болған бал-шақтар,
Өтіп бір кетті бір күндей.
Жымиып жүрмін қуанбай,
Бақыттың күні туардай.
Айта алмай жүрмін ардақтым,
Айтқызбай келіп ұғардай!
Сездірмей жұмбақ сырыңды,
Жүрегің кімге жылынды.
Өзіңсіз қалай өткізем,
Ұп-ұзақ мынау ғұмырды.
Күлімдеп жүрмін күйзеліп,
«Сүйемін» деші, сөз беріп!
Көктем боп жүрген көркіме,
Қонақтап алды күз келіп.





Пікір жазу