21.05.2022
  112


Автор: Динара Мәлік

Сағыныштан қалар ма екем тұншығып...

Сағыныштан қалар ма екем тұншығып,
Шаштарыма кеткен екен түн сіңіп.
Хабарласпай қинағаның қайткенің,
Тірімісің, тіршілік?
Тағы бүгін өз-өзімді алдаппын,
Көктемге деп, саған өлең арнаппын.
Хаттарыңды қарға орап жолдаушы ең,
Аманбысың, ардақтым?
Көңіліңді тауып жүр ме көп керім,
Саған енді таға алмаспын өкпе мін.
Секундтарды сезім болып құшушы ең,
Шынымен бе кеткенің?
Мені қойшы, жыр жазуым еркімде,
Сені аяймын, сағыныш бар күлкіңде.
Көз-жасыңды Алла көрді, мен көрдім,
Ұмытуың мүмкін бе?





Пікір жазу