21.05.2022
137
Мен қазір тұйықпын...
Мен қазір тұйықпын,
Сабырға салмақсыз сиыппын.
Өмірден өзімді бөлуші ем,
Ал, қазір, алаңсыз қиыппын.
Мен қазір басқамын,
Бағымды байлап жүр бас қамым.
Жақындап жүретін армандар,
Алыстап кетіпті аспаным.
Мен енді сүймеймін,
Сүйетін жан мені кім деймін?
Үзіп ап, күтусіз қалдырған,
Құмыра кемірген гүлдеймін.
Мен қазір елеспін,
Елес боп несіне егестім?
Мен де бір бақытпын баянсыз,
Сондықтан бақытсыз емеспін...