21.05.2022
  137


Автор: Динара Мәлік

Сүйіскім келмейді ешкіммен...

Сүйіскім келмейді ешкіммен,
Ернімнің тоңарын кеш білгем.
Сен жайлы өлеңдер сөйлейді,
жақын кеп дауысын естір ме ең?
Сағынғым келмейді басқаны,
Жүрегің маған жол ашпады.
«сүйем» деп айтқанда жоқ едің,
Тыңдады гүл-дала аспаны.
Сен енді тілегім ғанасың,
Сезімнің суретін саласың .
Ұшақтар әкетер сені алып,
Ал, мені қай жерден табасың?
Бақытқа құштар бұл күндерім,
мен,сірә мұңлы өмір сүрмедім.
Тұп тұнық сезімге адал деп,
Дәл мендей сағынып жүр дедім.
Болмай ақ, жүрмей ақ қасыңда,
Түсінгім келеді расында.
Көңілде жүресің көркем боп,
Көрінбей көзімнің жасында!





Пікір жазу