21.05.2022
  171


Автор: Динара Мәлік

Көзіңізден жоғалдым...

Көзіңізден жоғалдым,
Көңіліңде қалдым ба?
Өзгешелеу боп алдым,
Кінәлісіз алдымда.
Түсінгенім – сағындым,
сүйгендігім – қателік.
Жауабымнан жаңылдым,
Жауапсыз-ақ жат едік.
Жылу іздеп мұздадым,
Кімге керек бұл пәктік.
Сезінбейсіз қыз-жанын,
Сезінгенің бір сәттік!





Пікір жазу