21.05.2022
146
Еріп кеткім келіп тұрды ерніңде...
Еріп кеткім келіп тұрды ерніңде,
мендік емес құшағыңа ендім де.
Темірдейін мүжілмейтін төзімнің,
Түбі бір күн үзілерін білдің бе?
Сөніп қалғым келіп тұрды сезімде,
бақыт тұрды бір-ақ ауыз сөзіңде!
Қоңыр кеште қолтықтасып жүрсек қой,
Қоңыр үміт әлдилесең безінбе!
Күз болмай-ақ,сағынышқа орандың,
мен кеткелі күдіктерге тоналдым.
Жер бетінің ең ақылды қонағы,
Өмірімді басқаратын боп алдың.
Не құдірет бар екенін білмедім,
Ұмытуым мүмкін емес білгенім,
арманымды аласартпай алдыңа,
Өзің жаққа жеткім келіп жүр менің!