21.05.2022
  199


Автор: Динара Мәлік

Жанымды шүберекке түйіп...

Жанымды шүберекке түйіп,
Сағыныш көйлегін киіп.
Өмірден өтеді ме екем,
Өзіңді ғана сүйіп!
Сиқырлап сендегі көрік,
Кетесің жұлдызға көміп.
Жүрсем деп қиялдаймын,
Өзіңді ғана көріп!
Көзімде өмір жайнап,
Уақытты қойдым байлап.
Ай, күнді аялдатып,
Өзіңді жүрмін ойлап!





Пікір жазу