21.05.2022
217
Сағынып жүрмін...
Сағынып жүрмін,
Сағынбай қалу мүмкін бе?
Тамшылап жиған, тағдырым кетті күлкіңде.
Сағынышыма даланың өзін сендіріп,
Келмейсің неге бір күнге?
Сағынып жүрмін,
Бұл дертке қалай шыдаймын.
Заңдылық шығар қосылмауы да Күн, Айдың.
Сен жүрген жерге табаным тиген талай рет,
Сенсіз-ақ, елге ұнаймын.
Азабың шығар,
Сиғыза алмайтын сөзге де...
Қазанда туып қайғыра алмадым Күзге де.
Сағыныштың да бояуы қалар бұлыңғыр,
Сағынбай кетсең іздеме...