21.05.2022
  115


Автор: Динара Мәлік

Дәл бұлай боларын білген кім?

Дәл бұлай боларын білген кім?
Көктемсіз ғашық боп үлгердім.
Гүлдердің белдері майысып,
Құшағын жыр етер кімдердің?!
Көктемдей жанымды алып ұш,
Өпкің кеп, көркімнің балын іш.
Гүлдердің ерніндей бейкүнә,
Сен жоқта сөйлейді сағыныш.
Сен жоқта сөйлейді уақыттар,
көзімнен төгіліп жақұттар.
Жанарға жиып ап, жымидым,
Көктемде біз күткен бақыт бар!
Іңкәрлік іздеген періштем,
Көркіне сымбаты келіскен.
Жүректің қауызын аша алмай,
Ынтығып отырмын, тек іштен...





Пікір жазу