21.05.2022
144
Бір жұлдыздың сәулесіне жалғанып...
Бір жұлдыздың сәулесіне жалғанып,
Жерге түскен бір өмірді жалға алып.
Саған ғашық болған екем, қайтейін,
Бұйырмаған тағдырыңа алданып.
...Бір өткінші нөсер болып селдетіп,
Дала дертін мөлдір сумен емдетіп.
Кетіп қалсам, сөніп қалсам деп едім,
Ешкім білмес жалғыздықты әндетіп...
Ошағымда мені күткен жар қалып,
Ол адамға жалғыз өлең арналып.
Оқып тұрсам сені сүйген қыздарға,
Саған жазған жүз өлеңді қолға алып!
...Сосын, сосын кінәласын Жарық Күн,
Түн ішінен таң іздеген ғаріппін.
Ақ қағазға армандарым шашылып,
Күндей ыстық күнәһар боп қалыппын...