21.05.2022
134

Сен келер күн...
Сен келер күн,
Нұр жауады аспаннан!
Армандарым түседі алыс-алыс асқардан.
Аспаным да күліп тұр, қарашығы көрініп,
Кездерін бір ұмытып, көздерінен жас тамған!
Сен келер күн,
Өз-өзімнен жаңылып.
Кірпігімде гүлденді, уақыт жаққан әр-үміт.
Екеуміздің табысқан құшағымыз күрсінді,
Қайырылмас өмірдің қайырымын сағынып...